АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

2025 жылдың 2–8 маусым аралығында Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті.

Спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 700-ге жуық қатысушы волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, бес асық, асық ату сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Спартакиада нәтижесінде Ақтөбе облысының құрамасы жүлделі II орынға ие болды.

Жекелей нәтижелер:

Бес асық –  І орын – Шалқар көпсалалы колледжі

Тоғызқұмалақ –  ІІ орын – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

Үстел теннисі –  ІІ орын – ALT Ақтөбе гуманитарлы-техникалық колледжі

Волейбол (ерлер) –  ІІІ орын – Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі

Асық ату –  ІІІ орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі