Жобаның мақсаты – заманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, үш ауысымды оқытуды жою және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
"Samruk Kazyna Construction" АҚ аймақтық директоры Азамат Агелеуовтің айтуынша, биыл 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа жайлы мектептер Алтын Орда және Есет батыр шағын аудандарында, «Саяжай-1»,«Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданында салынып жатыр.
Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Қазіргі таңда жеті мектепке желілер толығымен тартылған, төрт нысанда жұмыстар жалғасуда, бір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.