«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында барлығы 14 білім беру нысаны салынады. Қазіргі уақытта екі мектеп салынып болды, 12 мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығымен қатар, мұндай мектептер үш ауданда да бой көтеріп жатыр. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.