Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада аясында асық ату және бес асықтан жарыстар өз мәресіне жетті.
Осы додада еліміздің 14 облысынан келген үздік ұстаздар бақ сынады. Ақтөбе облысының намысын қорғаған Шалқар көпсалалы колледжінің қыздар командасы бес асықтан бас жүлдені жеңіп алса, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің ерлер командасы асық атудан қола жүлдеге ие болды.
Ақтөбелік жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!