Ақтөбе облысының 5 мектебі «Үздік мектеп -2025» қатарында!

Ақтөбе облысының 5 мектебі  «Үздік мектеп -2025» қатарында!

 

«Үздік мектеп-2025» атағы білім беру мен тәрбие саласында жоғары нәтиже көрсетіп, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңашыл бағыттарды тиімді енгізе білген ұжымдарға табысталады.

«Үздік мектеп 2025» атағына ие болғандар: Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21

мамандандырылған гимназия, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия, №№66 жалпы білім беретін орта мектеп, Шалқар қаласындағы №1, №8 орта мектептер.

Бұл марапат – ұжымның кәсіби шеберлігінің, жаңашылдыққа ұмтылысының, білім мен тәрбиені үйлестіре отырып ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегінің нақты нәтижесі.