Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған №82 орта мектеппен танысты

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған №82 орта мектеппен танысты

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған №82 орта мектеппен танысып, облыстық білім беру ұйымдары басшылармен, педагогтерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында көтерген өзекті мәселелері мен тапсырмалары кеңінен талқыланды. Хромтау тау-кен жоғары колледжінің директоры Б.Мулдашева техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы, дуалды оқыту, колледждердің аккредитациясы және өндіріс мамандарын тарту мәселелері, М. Мақатаев атындағы №73 орта мектеп директоры Е.Қалышев «Адал азамат» бағдарламасының мектептегі жүзеге асу барысы мен оқушыларды әділеттілікке, елжандылыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмыстары жайлы, Ақтөбе қаласындағы №82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі И.Мураталиева заманауи білім беру ортасына қатысты пікірін білдірді.

Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайдағы Президенттің бағдарламалық баяндамасында айтылған қоғамдық бірлік пен әділетті Қазақстан құру жолындағы бастамалар, ұлттық дәстүрді жалғастыру, тәуелсіздікті нығайтудағы мәселелер туралы сөз қозғады. Өз сөзінде қоғамда заңға бағынатын, тәртіпке бас иетін мәдениетті қалыптастырудың, қоғамдық мәдениетті дамытудың, ұлттық құндылықтармен сусындаған ұрпақ тәрбиелеуде білім саласы өкілдеріне жүктелетін міндеттердің маңыздылығына тоқталды.