Ақтөбе облысының педагогі республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Ақтөбе облысының педагогі республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі орынға ие болды

15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Плиткамен қаптау" құзыреттілігі бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Әбдулямитов Ғанибек Ғалымбекұлы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Аталған чемпионатқа еліміздің 8 облысынан келген білікті педагогтер қатысып, өздерінің білім-білігі мен тәжірибесін ортаға салды.