"One School - One Skill"

"One School - One Skill"

Ақтөбе облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Алға индустриялық-техникалық колледжі қолға алған "One School - One Skill" қысқамерзімді үш айлық курс жобасы.

Курс білім алушыларға еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарды үйрету арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру, қол еңбегінің маңыздылығын ұғындыру және болашақ маман ретінде жеке дамуына жол ашуды көздейді.

 Бүгінде Алға индустриялық-техникалық колледжінде Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе колледжінің білім алушылары электр-газбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша тәжірибеден өтіп жатыр. Оқу орнының басшылығының сөзінше, оқушыларға үш айлық курстан соң куәлік беріледі.