Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 үш деңгейлі тәуекелдерді басқару жүйесін бекітетін бұйрығына сәйкес білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдалануы бойынша бақылауды күшейту мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі енгізілген.
Онлайн бюджеттік мониторинг – бұл нақты уақыт режимінде бюджеттік қаражаттың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022-2025 жылдары Ақтөбе облысының білім беру саласындағы қазынашылық органдары арқылы төленген құжаттарға талдау жүргізілдуде.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің нәтижелері бойынша тәуекел деңгейі жоғары білім беру ұйымдарына 116 хабарлама жолданды.
«Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің нәтижелері бойынша, бірқатар білім беру ұйымдарынан заң бұзушылықтар анықталды.Оның ішінде;
Мектеп 19 қызметкеріне жалпы сомасы 41 340,1 мың теңгеге жалақының 50%-нан артық мөлшерде аванс беріліп, уақытылы ұсталмаған. Бұдан басқа 2024 жылы 12 қызметкерге нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбек ақысынан жалпы сомасы 10 108,1 мың тенгеге артық қаражат аударылған. Аудит қортындысымен барлығы 51 448,2 мың теңге бюджеттің кірісіне толығымен өндірілді (2024 жылы -19314 мың теңге, 2025 жылы 32 134,2 мың теңге).
Қазіргі уақытта заңсыз қаржылық операцияларды анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда.