Жарқамыс ауылында Ұлы отан соғысы ардагеріне арналған ескерткіш тақтасы ашылды

Жарқамыс ауылында Ұлы отан соғысы ардагеріне арналған ескерткіш тақтасы ашылды

Жарқамыс ауылында Ұлы Жеңіске 80 жыл мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысының ордендерінің, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері Жиенбаев Сейілдің құрметіне қойылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Салатанатты шараға аудан әкімі Айбек Көпенов, Сейіл Жиенбаевтың қызы Әбенова Бибігүл мен күйеу баласы Дәулет Әбенов, ауыл тұрғындары қатысты. Жиенбаев Сейіл 1920 жылы Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Жарқамыс орта мектебін бітірген, әскери училище және сырттай оқып Ақтөбе педагогика училищесін бітірген. 1941 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына қызметке шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Елге аман есен оралған соң отыз жылдай ұрпақ тәрбиесіне араласқан. Өмірінің соңына дейін Жарқамыс орта мектебінде ұстаздық етіп, білім саласындағы ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін «Қазақ КСР-нің халық ағарту ісінің озаты» құрметті атағы берілген.
Шараға арнайы келген қонақтар С.Жиенбаев жайлы өздерінің жылы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі атқарылған игі іске ризашылығын білдірді. Іс шара мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламамен жалғасты.