Жеңістің 80 жылдығына орай Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов тыл еңбеккерлері Әбішев Ықылас пен Балжігітұлы Айдынғалидың үйлеріне арнайы барып, мерекелік медальді табыстады.
Әр ардагерге жылы лебізін білдірген Айбек Мұратқалиұлы олардың ел үшін атқарған еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Тыл ардагерлері аудан әкімінің арнайы келіп, құрмет көрсеткеніне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Бұл шара – тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін ұлықтап, жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.