Ауданда тал егу акциясы өтті

Ауданда тал егу акциясы өтті

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында 15-сәуір тал егу күні болып белгіленген. Осыған орай аудан әкімі Айбек Көпенов Жағалау көшесінің тұрғындары және жастармен бірге бұлақ маңына көшеттер отырғызды.

Акция аясында аудан аумағында түрлі жеміс ағаштары мен сәндік көшеттер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан басшысы бұлақтың қоршауын реттеп, тазалығын қадағалауды Қарауылкелді әкімдігіне тапсырды.

Аталған акция — қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге бағытталған маңызды бастама болып табылады.