Көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бюджеттен қаражат бөлініп, Қарауылкелді округ әкімдігі Жаңақұрылыс, Болашақ, Құрылысшылар көшелеріне қиыршық тас (щебень) төсеу жұмыстарын бастады. Осыған орай, аудан басшысы аталмыш көшелерде жасалып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдағы уақытта негізгі көшелерде жол құрылысы басталып, қатынасы қиын көшелерге тұрғындардың сұрауымен қиыршық тас төсеу жұмыстары жалғасатын болады.