11 cәуір күні аудандық әкімдікте аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды. Жиынға аудан әкімі, бұрынғы және жаңа кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты. Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Құрағанұлы жаңа қоғамдық кеңестің мүшелерін таныстырып, қоғамдық кеңестің алдағы қызметі мен міндеттері талқыланды.
Аудан әкімі Айбек Мұратқалиұлы жаңа құраммен толыққан Қоғамдық кеңестің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттерді атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, кеңес мүшелеріне халықтың мүддесін қорғаудағы жауапкершілік пен сенім артылғанын жеткізді.
Жиын барысында аудан әкімі бұрынғы қоғамдық кеңестің мүшелеріне жасаған жұмыстары үшін жылы лебізін білдіріп Алғыс хат табыстады.