Қосарал мен Көкбұлақ ауылдарына газ тартылады

Қосарал мен Көкбұлақ ауылдарына газ тартылады

2025 жылы Қосарал және Көкбұлақ елді мекендеріне жеткізуші және кентішілік газбен қамту нысандары бойынша жобалау сметалық құжаттама әзірленуде.

Байғанин ауданының Қосарал ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша бас жобалаушы «Актюбгражданпроект» ӨК.
Байғанин ауданының Көкбұлақ ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша бас жобалаушы «Актам-инжиниринг» ЖШС.

Жобаларды жыл соңына дейін аяқтап, сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. 2026 жылы әзірленген жобалар бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.