БЖЗҚ мобильді қосымшасында жеке кабинетке кіру, алғашқы тіркеу және құпиясөзді қалпына келтіру функциялары қарастырылған.
🔹Жеке кабинетке кіру
1️⃣Қосымшаны іске қосыңыз.
2️⃣ Кіру тәсілін таңдаңыз:
✔️ЖСН және құпиясөз арқылы – ЖСН мен құпиясөзді енгізіп, «Кіру» түймесін басыңыз.
✔️Сәтті кіргеннен кейін Face ID/саусақ ізі немесе бір реттік парольді баптауға болады.
🔹Қолданушыны тіркеу
1️⃣«Тіркелу» батырмасын басыңыз.
2️⃣ЖСН енгізіңіз (тек 12 сан) және «Жалғастыру» түймесін басыңыз.
3️⃣Қажет болса, деректерді өңдеуге келісім беріңіз.
4️⃣Телефон нөмірін SMS-кодпен растаңыз.
5️⃣Биометриялық сәйкестендіруден (бет-әлпет) өтіңіз.
6️⃣Жаңа құпиясөз орнатып, тіркеуді аяқтаңыз.
🔹Құпиясөзді қалпына келтіру
«Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басыңыз.
1️⃣ИИН енгізіңіз.
2️⃣Құпиясөзді қалпына келтіру тәсілін таңдаңыз:
✔️SMS немесе E-mail арқылы – код алып, жаңа құпиясөз енгізіңіз.
✔️ eGov mobile арқылы – Face ID/саусақ ізі көмегімен өзгерісті растаңыз.
✅ Құпиясөзді қалпына келтіргеннен кейін, жеке кабинетке кіріп, қосымшаның барлық функцияларын пайдалана аласыз.