Ауданда жылына 1 млн 300 тонна өндірістік қуаты бар «ҚазЦемент» зауыты салынбақ. Қазақстандық «Primus Capital» ЖШС Байғанин ауданында зауыт салу бойынша қытайлық «Cement Itd» инвестициялық компаниясымен келісім-шартқа отырған.
10 наурыз күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі А.Көпенов аталмыш инвесторлармен арнайы кездесті. Екі тарап арасында жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, қажетті мамандарды оқыту сынды мәселелер талқыланды. Цемент зауытының құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталады. Жоба құны 200млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыс жұмыстары кезінде 3000 адам жұмысқа тартылмақ. Оның 80 пайызы жергілікті жердің тұрғындары болады. Құрылыс жұмыстары 18 ай жүреді деп жоспарлануда.