«Ұлттық қор - балаларға»

«Ұлттық қор - балаларға»

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске асырыла бастаған алғашқы айда жалпы сомасы 42 078,34 АҚШ долларын құрайтын 422 өтініш орындалды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 16 016,04 АҚШ долларына 162 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 26 062,30 АҚШ долларына 260 өтініш орындалды.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей мақсатты талаптар сомасы есептелгені белгілі.