Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Аудан әкімі А.Купеновтың 2024 жылғы 11 сәуірдегі №292 өкімімен «Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы лауазымына Матжан Ернұр Қайратұлы тағайындалды.
Е.Матжан – 1997 жылы дүниеге келген. 2018 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Т.Айбергенов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2020 жылдың тамыз айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін «Байғанин аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ нұсқаушы маман, орталық басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметте.