Су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Су тасқыны қатерінің алдын алу мақсатында су өткізгіш құбырлардың бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. Құбырдағы мұздарды жібіту үшін арнайы буландырғыш техника пайдаланылды. Осылайша бірқатар мұздар еріп, суағарлар қалпына келтірілді. Синоптиктердің болжамы бойынша ауа райының күрт жылынуы хабарлануда. Аталмыш жұмыстар күн сайын жүргізілетін болады. Тұрғындардан тұрғын үй маңдарындағы суағарларды бақылауға алу сұралады.