“Қайырымдылық” күніне орай 5-8 сыныптарда оқитын балаларға жазғы демалысқа жолдама сертификат табысталды

“Қайырымдылық” күніне орай 5-8 сыныптарда оқитын балаларға жазғы демалысқа жолдама сертификат табысталды

Мемлекет басшысымен бекітілген Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасы аясында 15 наурыз - “Қайырымдылық” күніне орай “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қолдауымен ауылдық жерде тұратын 5-8 сыныптарда оқитын балаларға жазғы демалысқа жолдама сертификаттары Байғанин ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарына 120 жолдама табысталды.
Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: оқуда үздік көрсеткіштерге ие, үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдау және ынталандыруға бағытталған. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов қатысты.