📌 Сақтандыру ұйымына аудару үшін БЖЗҚ-дағы шотта ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ететін жинақтары болуы шарт.
📌 Зейнетақы аннуитеті шартын кім жасай алады?
МЗЖ есебінен қалыптастырылған өз жинақтарын сақтандыру ұйымына:
- зейнет жасына толған адамдар: 63 жасқа толған ер адамдар; 2023 жылы – 61 жасқа толған әйелдер;
- зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда 45 жасқа толған тұлғалар
МКЗЖ есебінен қалыптастырылған өз жинақтарын сақтандыру ұйымына:
- зейнет жасына толған адамдар: 63 жасқа толған ер адамдар; 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 61 жасқа толған әйелдер;
- 40 жасқа толған, олар үшін жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдар;