Жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын-алу шаралары

Жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын-алу шаралары

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде.

Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдіріс біздің елімізде де күннен-күнге байқалады.

Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші азаймай, керісінше зардап шеккендердің өсімі байқалады.

Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады.

Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез-келген апатты жағдайында оның белгілі бір апатты оқиға сәтіндегі психологиялық жай-күйі әсер етеді.

Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына және жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күнделікті жол-көлік оқиғалары салдарынан адамдардың әртүрлі дене жарақаттарын алып, тіпті адам өліміне әкеп соғатынын көріп отырмыз.

Сондықтан, адамның денсаулығы мен өмірі басты назарда болуы қажет. Жол-ережесін сақтап жүрейік!

Байғанин ауданының прокуратурасы