АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын пайдалану

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын пайдалану

Тұрғын үйге

2023 жылдың қаңтар айында қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 7,1 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтары аударылды. Осылайша салымшылардың (алушылардың) 3 061 өтініші орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады. Салыстыру үшін, 2022 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ жалпы сомасы шамамен 76,2 млрд теңгеге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 50 060 өтінішті орындап, мақсатты пайдалануға алынған қаржының орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге болды.

Екі жыл ішінде (2021 жылғы қаңтардан бастап) 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ 1 348 461 өтінішті орындады. Мерзімінен бұрын алу сомасы 3,2 трлн теңгеге жақын. Бұл ретте бір өтініш бойынша алынған орташа сома кезең ішінде шамамен 2,4 млн теңге.

www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдаланғаны/пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат әр жұмыс күні жаңартылып отырады. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімшелері).  

Көбінесе (барлық орындалған өтініштердің 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3%) - бұл азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) және жеке (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда) тұрғын үй салу. Өтініштердің шамамен 21% (аударылған сомалардың 8,2%) - одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру үшін берілген.  Өтініштердің шамамен дәл осындай саны (20,87%) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша пайдалануы мақсатында жолданған. Бұған аударылған біржолғы төлемдердің шамамен 13% жіберілді. Өтініштердің шамамен 20% (біржолғы төлемдердің 12%) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану – бастапқы жарнадан бастап қайта қаржыландыру және толық өтеу мақсатында орындалды.

БЖЗҚ орындаған өтініштер бойынша статистикаға назар аударамыз. Уәкілетті операторлар тарапынан қазақстандықтардың мақсаттары өзгеруі не қаражат салымшылардың(алушылардың) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына қайта оралуы мүмкін. Өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдаланылмауына байланысты уәкілетті операторлардан ЖЗШ-ға 462,7 млрд теңге қайтарылды. Оның ішінде 2023 жылдың қаңтарында 2,27 млрд. теңге Қордағы жеке шоттарға оралған.

Емделуге

2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 322,2 млрд теңгеге емдеуге 404 512 өтінішті орындады. Емделуге алынған қаражаттың орташа сомасы шамамен 0,8 млн теңге.  Бұл ретте 2023 жылғы қаңтарда 3,2 млрд теңгеге 2 537 өтініш орындалды. 2023 жылғы қаңтарда емделуге алынған қаражаттың орташа сомасы шамамен 1,3 млн теңге.

Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) Қордағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банк "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"АҚ) 32,5 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

Жеке басқаруға

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл кезең ішінде 5 933 өтініш негізінде 8,8 млрд теңге аударылған. Бірегей өтініш берушілердің жалпы саны 3405 адам. Бұл жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияларға беруге шешім қабылдаған салымшылардың бар екендігінің айғағы. Аударымның орташа сомасы – шамамен 1,5 млн теңге.

Бұл ретте ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі инвестициялық табысты ескергенде, шамамен 9,5 млрд теңгеге жетті.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша нарықта бес ИПБ жұмыс істеуде: "Jusan invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Олар туралы ақпаратпен, инвестициялық декларацияларымен танысу үшін enpf.kz  сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөліміне кірсеңіз жеткілікті.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде жарияланған.

Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге жылына тек бір рет өтініш беруге құқылы. 50 өтініш беруші осы құқықты пайдаланды: 70 өтініш бойынша БЖЗҚ бір ИПБ-дан екіншісіне жалпы сомасы 176 млн теңгеге ауыстыруды жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетсек, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 3 ақпанындағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

2023 жылға ИПБ комиссиялық сыйақысы туралы ақпарат enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінде орналастырылған.

 Сондай-ақ, салымшылардың БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беруге құқығы бар. Бірақ зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін тек екі жыл өткен соң ғана жүзеге асыра алады. Зейнетақы жинақтарын аудару 2021 жылдың ақпанында басталғандықтан, бұл мерзім әлі аяқталған жоқ. Әзірге 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ статистикасы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 33 млн теңгеге сенімгерлік басқаруға автоматты түрде қайтару болғанын тіркеді. Автоқайтарудың себептері зейнеткерлік жасқа толу, салымшының қайтыс болуы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кету болып табылады.

Салымшы зейнет жасына толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып, есептеледі.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).