Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін ең өзекті тақырыптардың бірі – екпе салдыруға қатысты мәселе. Әлеуметтік желілерде де ақпарат құралдарында да дін, діни ұстаным, діннің қағидалары, діндарлардың уағыздары т.б. жиі талқылауға түсіп, азаматтар арасында қызу пікірталас тудырып жатады. Бұған теріс діни ағым жақтаушыларының пікірлерін қосыңыз. Бұл, дінге әлі де бетбұрыс қарқынды жүріп жатқан елімізде мүмкін орынды құбылыс та шығар. Дегенмен, осы қарбалас заманда діннің, діни ағымдардың, әртүрлі деңдейдегі діндарлардың орнын айқындау, дін мен саясаттың ара-жігін ажырату, мемлекеттің өзіндік ұстанымдарын нақты беткіту қажеттілігін тудырып отыр.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сосын жемістер (мен гүлден) же! Раббыңның жеңілдік көрсеткен жолына мойынсұна отырып кір! Олардың қарындарынан түрлі-түсті сусындар шығады, адамдар үшін бір шипа көзі!» (Хаққа сүресі) делінеді. Олай болса ауруды жаратқан Алла оның шипасын да жаратып қойған. Адам баласы еңбектеніп бүгінге дейін қаншама аурулардың шипасын тауып адам баласына көмектесіп жатыр.
Қазіргі әлемдік пандемия кезеңінде де діндар ретінде өзін танытып жүрген кейбір азаматтар өздерінің ұстанымдарын індетке қарсы екпеге қарсылық ретінде көрсетіп жүргені белгілі. Алайда әлемдік қауымдастық пен ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) адамзат қоғамының пандемиядан арылуының бірден-бір шығар жолы ретінде індетке қарсы екепе алу деген пікірді қостайды. Тіпті қажылықтың өзіне белгілі екпе салдырған адамдарға рұқсат етілу мәселесі қозғалуда. Олай болса, өзіміздің сала бойынша толық біліміміз жетпейтін, діннің нақты тиым салмаған мәселелерінде мамандардың кеңесіне құлақ салу дінге қарсылық болып табылмайтындығын түсінген абзал. Оның үстіне діннің біртұтатас бағытта қалыптаспауы, діни ұйымдар мен топтардың арасындағы зайырлылық қағидаттарына байланысты төзімсіздіктің артуы, халық арасындағы ауызбіршілікке сызат салуы сияқты мәселелердің де туындап жатуы осындай қадамдарға жетелеп отырғандай. Алдыңғы кезекте діннің атынан қандай да бір екпеге қарсылық білдіру үрдісі де кейде байқалып қалып отыр.
Сонымен қатар «екпе мәселесі» де аз айқай болған жоқ. Оның негізгі проблемаларын қарастыра келе, екпеге қарсылықтың түпкі себебінде діни сенім жатпағандығы анықталып, екпені міндеттеу немесе қандай да бір салдарына қатысты ата-ананы жауапты қылу сияқты талаптар да қоғам талқысынан өтпей, орта жолда алынып тасталды десек те болады. Бұл негізінінен әрбір азаматтың өзінің еркіне тиесілі екендігі қазіргі қолданыстағы заңда нақты көрсетілген. Яғни азаматтардың жауапкершілігіне байланысты дүние.
Қорыта келгенде, елімізде ондаған діни ағымдар мен жүздеген діни бірлестіктер бар. Олардың барлығының діни сенімдері мен қағидаларын қанағаттандырарлық заң қабылдау мүмкін болмасы анық. Ондай заң әлемде ешбір елде жоқ. Оның үстіне таласты жағдай туындаған жағдайда, зайырлы елдерде, әрқашан соңғы шешім мемлекеттің құқықтық нормараларына негізделетіндігін саналы адам түсінуі тиіс. Бұл қандай да бір діннің адам жүрегіндегі құндылығына қарсы қадам емес, мемлекеттің азаматтарды ортақ талаптарға бағындыруы деп түсінген абзал.
Өркениетті елдердің көбінде, оның ішінде көптеген мұсылман елдері де бар, қазіргі пандемиялық жағдайдан шығу үшін екпеге жүгінгендігін көріп отырмыз. Сондықтан әр саланың мамандары сол саладағы мәселеге жауап бергені және сала мамандарына сенім артқаны дұрыс деп санаймыз. Яғни қазіргі денсаулық саласының өкілдерінің пікірінше екпе-денсаулық кепілі.
Мемлекетіміз небір жұқпалы және қатерлі аурулардың алдын алып, азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін республикалық бюджеттен жылына бірнеше ондаған миллиард теңге қаржы бөледі. Мұндай игілікке қолы жетпей, азаматтары, әсіресе, жас балалары мың-мыңдап жұқпалы аурулардың құрбаны болып отырған экономикасы нашар көптеген мемлекеттер бар. Сондықтан егер екпе жеке тұлғаның денсаулығына зиян келтірмесе және емдік сипатта болса, ислам дініне қайшы келмейтінін дұрыс түсінген абзал.
Осыған тақыпыпқа байланысты өткен жылдың күзінен бастап кейбір заңдарға өзгерістер енгізілуге ұсыныстар әзірленіп, қоғам талқысына түсуде. Сан алуан ұсыныс айтылып, кейбір ұсыныстар жағдайда діннің атын жамылған әртүрлі топтар мен ұйымдар да барынша араздықты қоздыруға талпыныс жасап жатқаны да жасырын емес. Мемлекеттік ұстанымдар мен діндарлардың сезімін қарсы қою арқылы ұпай түгендеу, қажет болған жағдайда үлкен жаңғырық тудыру аталмыш топтардың басты көздегені екендігін көзі қарақты адам түсінсе керек.
Аса жоғары қарқынмен өзгеріске түсіп отырған еліміздегі діни ахуал да мемлекеттің дін туралы заңдары мен құқықтық актілеріне жиі толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттілігін сездіруде. Осы орайда елімізде 2011 жылы 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңның орнына «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы жаңа заң қабылданған болатын. Алайда, заңдарды өзгертуге, қайта бетуге болады деген түсінікпен орынсыз, қоғамда басқа да нәтижелерге итермелейтін немесе бірнеше жылдан кейін тағы да нақтылауды я болмаса өзгертуді талап ететін қағидаларды енгізуге болмайды. Бұл өз кезегінде діндарлар тарапынан да үлкен қарсылықтардың туындауына түрткі болуы мүмкін. Екінші жағынан мемлекеттік нақты ұстанымдарына да нұқсан келтірері сөзсіз. Сондықтан қазіргі заңға ұсынылып жатқан өзгертулер мен толықтырулар әбден сараланып, талқыланып барып қабылдануы қажет екендігі түсінікті.
Бұның бірден-бір мысалы ретінде қазіргі кезде қоғамдағы кейбір дін ұстанушылардың өз діни сенімдеріне байланысты вакцинадан бас тартуын айтуға болады.Бұл сұрақты тереңдетіп ашсақ, азаматтардың екпе жасатудан тек діни себептерден ғана емес, денсаулығына залал келтіріп алудан қауіптену салдарынан да жиі бас тартатынын байқауға болады.Бұл мәселеге діни құқық тұрғысынан келсек, ешбір дінде денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шектеу қойылмайды. Керісінше, әрбір өркениетті дін өз сенушілерінің тән саулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Және қазіргі вакцина өндірушілері дін өкілдеріне де өз жасаған өнімдерінің құрамына қатысты түсініктемелер беріп отырады. Демек, діннің ішкі қағидаларында екпеден бас тартуға итермелейтін талап жоқ десек болады.
Әсіресе ислам діні денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шақырады. Мұхаммед пайғамбардың: «Аурудан емделіңдер. Алла Тағала әрбір аурудың емін қоса жаратқан» деген хадисі бар.
Барлық ислам мемлекеттерінде аурудың алдын алу құралы ретінде екпенің көптеген түрлері қолданылады. Мысалы, Сауд Арабиясы Корольдігінің өзінде белгілі бір аурулардың алдын алатын екпе-вакцина қабылдамағандарға қажылық жасауға рұқсат берілмейді.
Екпе немесе дәрі құрамында шариғат тыйым салған нәрселер болса, дін ғалымдары мұндай дәрілердің балама нұсқаларын пайдалануды ұсынады. Егер ондай баламалар табылмаған жағдайда адам өмірін құтқару мақсатында тыйым салынған қоспасы бар дәріні пайдалануға рұқсат етіледі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 25 мамыр айында құрамында этиль спирті бар дәрі-дәрмектерді қолдануға болады деп үкім шығарылғанын да ескерген жөн.
Ескеретін бір мәселе – екпе қабылдамай, жұқпалы аурумен ауырған әрбір адам өзгенің денсаулығына да қатер төндіреді. Ал әрбір саналы азамат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, өзгенің денсаулығына қатер төндірмеуді де ойлауы тиіс.
ҚР Конституциясы 1-бабының 1-тармағында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген.