Балалардың денсаулығы мен өмірі маңызды

Балалардың денсаулығы мен өмірі маңызды

Балалар арасындағы жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының көше жол-торабына жауапты «Қарауылкелді ауылдық округі аппараты» - ММ-мен Қарауылкелді ауылының көше-жол торабындағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан Қ.Мұқанбетқалиев атындағы гимназия орта мектебінің қасына, №1, №3-ші Қарауылкелді орта мектептері мен Т.Жармағанбетов орта мектептерінің қасына жүргізушілер назарын аудару мақсатында «шекті жылдамдық», «балалар», «мектеп» көрсетілген тақтайша жол белгісі орнатылды.

Байғанин ауданы полиция бөлімі жол жүрісіне қатысушыларға жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Балалардың денсаулығы мен өмірі аса маңызды.