Тұрғындардың табысын арттыру-басты мақсат

Тұрғындардың табысын арттыру-басты мақсат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы» аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның мақсаты–ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, елдімекендердің экономикалық әлеуетін арттыру және мамандануына сеп болу, жалпы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Аталған «Ауыл Аманаты» жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Мырзағұлұлымен Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Жұмабек Аманжолұлы ауыл тұрғындарына жобаның мақсаты мен несие алу жолдары кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында арнайы топ бұл несиенің қайтарымы 2.5 пайызды құрайтынын және жұмыссыз отырған халықтың өз кәсібін бастауына жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.