Ауданда сенбілік жұмыстары жүргізілуде

Ауданда сенбілік жұмыстары жүргізілуде

Аудан бойынша жалпы халықтық сенбілік өтті. Тазалық шарасына 9 ауыл округінің тұрғындары белсене қатысып, “Тазалық денсаулық кепілі” деген ұстаныммен тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Бұл игі іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шапты, қоқыстарды жинады.

Ауыл – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ ету тұрғындар тарапынан қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетеді.