Екі айлық сенбілік басталды

Екі айлық сенбілік басталды

Аудан әкімі К.Утаровтың «Аудан бойынша аумақтарды санитарлық тазарту мен абаттандыру бойынша іс-шаралар жүргізу туралы» 13.09.2022 жылғы №170 қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 10-қыркүйек пен 10-қарашаға дейінгі аралықта күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары бойынша екі айлық жарияланды.

Осыған сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округі әкімімен бекітілген кесте құрылып, аудан орталығында орналасқан мекеме қызметкерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізетін аумақтар белгіленіп берілді. Округ әкімі мен мекеме қызметкерлері ауылдың көшелерін аралап, кейбір жеке тұрғын үй иелері мен кәсіпкерлік нысандардың басшыларына аула, ғимарат сырттарын қалыпқа келтіру (сырлау, әктеу), аула сыртында жатқан қоқыстарды шығару туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қарауылкелді ауылында кәсіптерін жүргізіп отырған жеке кәсіпкерлерге де екіайлық сенбілік жұмыстарына белсене қатысу, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ескерту қағаздары да таратылды. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Қарауылкелді ауылдық округі бойынша «Дүниежүзілік тазалық күні» жыл сайынғы экологиялық акция өткізілді. Акцияға 38 мекемеден 117 адам, 3 техника тартылып, 9 тонна қоқыс шығарылды.

Екіайлық санитарлық-тазалықжұмыстарына барлық ауыл тұрғындарын апта сайын өтетін сенбіліктерге шақырамыз. Өз аулаларыңызда, көшелеріңізде, үйлеріңізде тазалық пен тәртіптің орын алуын қадағалаңыздар. Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар жетекшілерін, ұйымдар мен мекемелер басшыларын өз ғимараттарының маңайында санитарлық шаралар жүргізуге шақырамыз. Қоқыстан тазартып, қураған шөптерді қиып, ағаш отырғызып, ғимараттарыңыздың маңайын қалыпқа келтіріңіздер. Ғимараттарыңыздың алдына түн мезгілінде айнала жарық болу үшін жарықтандыру құралдарымен жабдықтап, іске қоссаңыздар.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бір кісідей сенбілікке шығып, ауылымызды таза да жайлы, әдемі мекенге айналдырайық!