Аудан әкімі Ноғайты ауылының бірқарат әлеуметтік нысандарын аралады

Аудан әкімі Ноғайты ауылының бірқарат әлеуметтік нысандарын аралады

Аудан әкімі Ноғайты ауылының бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысып шықты.

Ноғайты ауылында жүргізіліп жатырған жол құрылысының жұмысын бақылады.
Мұнан кейін, өңір басшысы Ноғайты ауылында орналасқан білім беру ұйымдарына барды. Биыл күрделі жөндеуден өткен мектептің жылыту маусымына дайындығымен танысып, мектеп ауласындағы воркаут алаңының құрылысын тексерді. Осылайша бірқатар құрылыс басында болған аудан әкімі жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.

Сонымен қатар Ноғайты ауылын аралаған аудан әкімі мекеме басшыларына сенбіліктер өткізуді тапсырды.