Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Кайрат Орынбасарұлы Жарлы ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен Жарлы ауылының кіре беріснен басталған жол құрылысымен танысты. Одан соң Жарлы ауылында бой көтерген спорт кешенінің ішін аралап, жағдайына қанық болған соң, мекеме басшысына жөндеу жұмыстарынның сапаға сай аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Мұнан кейін Жарлы ауылында жаңадан салынған ауыл әкімдігінің ғимаратына бас сұғып, жаңа нысан мен танысты, бұл ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын.

Аудан әкімі нысандарды аралау барысында Жарлы ауылындағы білім беру ұйымының ғимараттарына барып, күрделі жөндеу жұмыс жұмыстарымен танысып, қысқа дайындықтарын, мектеп ауласындағы спорт алаңының құрылыс нысанының жұмысына қанық болды.

Жарлы ауылындағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыстарымен танысқан соң, мекеме басшыларына ғимараттарға мерзімінде аяқталуын, жылыту мәселелерін нақтылап тапсырды.