Шөп шабу науқаны қарқынды жүруде

Шөп шабу науқаны қарқынды жүруде

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жауын-шашын мол болып, шөп шығымының әлдеқайда артқанын көреміз. Дегенмен қол қусыруға әсте болмайды. Шөпті сақадай сайлап, мал азығына ерекше көңіл бөлуіміз маңызды.

Биылғы шөп мәселесі тікелей әкім тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Шөп шабу науқаны өткен жылмен салыстырғанда екі ай бұрын ерте басталды. Жалпы ауданға 246.400 тонна шөп қажет болса, шауып буылып қойғаннан бөлек 35698 тоннасы дайындалып, тұрғындарға жеткізілуде. Биыл ауа-райының қолайлылығы шөптің мезгілінен кешіктірмей жинап алуға үлкен мүмкіндік беруде.

Айта кететін жайт аудан бойынша 110 трактор мен 350 шөп шабатын техника шабындық жерлерде жұмысын жүргізіп жатыр. Сондықтан ауылдық округ әкімдеріңізбен және қоғамдастық өкілдеріне хабарласып ерте қамдануларыңызды назарларыңызға жеткіземіз!