"Қоғамдық қарым - қатынас саласында медиацияны дамыту" әлеуметтік жобасы аясында семинар өтті

"Қоғамдық қарым - қатынас саласында медиацияны дамыту" әлеуметтік жобасы аясында семинар өтті

2022 жылдың 21 шілдесі күні ауданға "Халықаралық келіссөздер Академиясы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Балпеисова Светлана Асылгереевна, Ақтөбе облысының "Медиаторлар Кеңесі одағы" ҚБ басшысы, Ермухамедова Асылгуль Жылкайдаровна медиатор, AYY қауымдастығының "Халықаралық келіссөздер академиясы" кәсіби медиаторы Тукибаева Гульнура Дуйсенбаевна келіп "Қоғамдық қарым - қатынас саласында медиацияны дамыту" әлеуметтік жобасы аясында семинар өткізді. Семинар- тренингке аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рүстем Аманжолұлымен ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және медиатор мамандар қатысты. Ұйымдастырылған шара барысында С.Балпеисова еліміздегі медиация институтының қалыптасуы, оның қазіргі таңдағы облыстағы жағдайы және осы саладағы мүмкіндіктер туралы ақпараттар беріліп, семинарға қатысушылар арасында отбасылық конфликт, тұтынушылардың құқықтарын қорғау төңірегінде рөлдік ойындар өткізілді. 20-дан астам адам қатысқан шара барысында мәселені шешудің әдістері мен жолдары практикалық тұрғыда көрсетіліп, семинар соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.