Көлік құралын масаю күйінде басқарғандарға заң қатал

Көлік құралын масаю күйінде басқарғандарға заң қатал

2022 жылдың өткен кезеңінде сотпен көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған 13 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қаралды.   

Бұл ретте жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде 608-бабымен 8 бөліктен тұратын 15 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу және 7 жылдан 9 жыл мерзімге дейінгі көлік құралын басқару құқығынан айыру жазалары көзделген. 

Бұдан басқа, дәл осындай әрекет, бірақ көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға басқарған болса, ол кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабында қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған.  

Мысалы, «С» 12.05.2022 жылы соттың қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған адам бола тұра, 03.06.2022 жылы Қарауылкелді ауылы, Абай тұйығы бойында «орташа» дәрежелі алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған.  

Аталған факт бойынша соттың 08.07.2022 жылғы үкімімен «С» Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі танылып, оған 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойынша көлік құралын басқару құқығынан айыру жазалары тағайындалды.

Сонымен қатар, егер көлік құралының иесі көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына берген жағдайда да жоғарыда көрсетілген жауаптылыққа тартылады.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2021 жылы аудан көлемінде 28 тұлға әкімшілік және 2 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарған адам өз өмірін ғана қатерге тікпейді, өзгелерге де қайіп төндіретінін атап өткен жөн.

Байғанин ауданының прокуратурасы