Ақ халаттылар ардақталды

Ақ халаттылар ардақталды

18 маусым күні аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған «Дәрігер-өмір жүрегі» атты мерекелік концерт өтті.

Ақ халаттылардың төл мерекесінде аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы абзал жандарды арнайы құттықтады. Аудан медицинасының жеткен жетістіктері мен бүгінгі хал-ахуалына тоқталып өткен Асет Тілеуқабақұлы осы салада талмай еңбектеніп жүрген медицина қызметкерлерін аудан әкімі Утаров Кайрат Орынбасарұлының алғыс хаттарымен гүл шоқтарын табыстады.

Сонымен қатар, аудандық аурухананың бас дәрігері Абзалбек Иманбаев әріптестеріне алғыс хаттармен гүл шоқтарын табыс етті. Шара барысында "Amanat" партиясының алғыс хаттары да табысталды. Артынша аудан өнерпаздарының ән-биімен әрленген салтанатты шара өз мәресіне жетті.