"Н.Блиев - математика ғылымының мақтанышы" атты математикалық бағыт бойынша аудандық олимпиада басталды

"Н.Блиев - математика ғылымының мақтанышы" атты математикалық бағыт бойынша аудандық олимпиада басталды

Байғанин ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Н.Блиев - математика ғылымының мақтанышы" атты математикалық бағыт бойынша аудандық олимпиада басталды.

Олипиадиаданың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы қатысып, қатысушы балаларға сәттілік тіледі және аудан әкімінің орынбасары, ұйымдастырушылар аудандық білім бөліміне және Жарқамыс орта мектебіне алғысын айтты.

Содан кейін, Көрнекті қазақ математигі, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Блиев Назарбай Қадырұлының өзі олимпиадаға қатысушыларды онлайн құттықтап, сәттілік тіледі.

Олимиада жалпы балалар жылының аясында 5 және 6 сынып оқушыларының арасында өткізілді.

Шараға "Аманат" париясы Байғанин аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Ерғалиев қатысты.