Аудандық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізілді

Аудандық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізілді

Байғанин ауданының білім бөлімінің Балалар жылына арналған жоспарына сәйкес, Жарқамыс орта мектебінің ұйымдастыруымен "Н.Блиев - математика ғылымының мақтанышы" атты математикалық бағыт бойынша аудандық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізілді.

Жабылу салтанатының құрметті қонағы Білиев Болат қатысып оқушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.

Аудан әкімінің орынбасары Жеткізгенов Әсет Тілеуқабақұлы математика - логика бөлімінің жеңімпаздарына дипломдарын табыстады.

Жарысқа қатысқан оқушылардың жетекшілеріне әдіскер Берік Бектемір Нәженұлы мақтау қағаздарын табыстап, математикаға жүйрік оқушыларын дайындай беруге сәттілік тіледі.

Жарқамыс орта мектебі ұжымына алғыс білдіреміз.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!