Техникалық байқауды өткізу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Техникалық байқауды өткізу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығының қағидаларына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі ауыл шаруашылық және жол-құрылыс машиналарын жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қарсаңында, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инженер инспектор бас маманы Сатжан Мекалаев ағымдағы жылдың 5-6 мамыры күндері Жарқамыс, Қызылбұлақ ауылдық округтеріндегі шаруа қожалығы басшылары мен жеке тұрғындар арасында техникалық байқауды өткізу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, кездесулер барысында тұрғындар тарапынан машиналарды тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу, машиналарды басқару құқығына куәліктер беру (ауыстыру) туралы қойылған сұрақтарға заң аясында түсініктер берілді.
@baiganin_auil_waruawiligi
@kasipker_baiganin