БЖЗҚ мобильді қосымшасының Жеке кабинетінде enpf.kz сайтындағы барлық функциялар мен қызметтер қолжетімді, тек 2 қызмет түрлерінен басқа:
✅«Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлікпен басқаруына аудару»,
✅«Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру».
Мобильді қосымшаның көмегімен төмендегі қызметтерді қолдана аласыз:
✅жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қалыптастыру;
✅өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
✅ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;
✅зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштің мәртебесін қадағалау;
✅зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді қарау;
✅Қор жаңалықтарын оқу;
✅Қорға өтініш жолдау;
✅БЖЗҚ-ның жақын жердегі бөлімшесін табу;
✅кері қоңырауға тапсырыс беру;
✅Қордың байланыс телефондарын қарау;
✅зейнетақы калькуляторын пайдалану;
✅зейнетақы шотына жарналардың түскені туралы хабарламаларды алу және қарау;
✅мобильді қызмет көрсетуге өтінім беру (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін).
Сізге ыңғайлы болу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба қажет барлық операцияларды enpf.kz сайты арқылы орындауға кеңес береміз.