БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының 3 түрі аударылады

БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының 3 түрі аударылады

БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының 3 түрі аударылады:
🔸міндетті зейнетақы жарналары;
🔸міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
🔸ерікті зейнетақы жарналары.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)
Қызметкердің айлық табысынан 10% Қорға аударылады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)
Зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің ай сайынғы табысының 5% төленеді.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)
Жарна мөлшерлемесі мен кезеңділігін салымшы өзі белгілейді.