Жасөспірімдерді әскери есепке алу жұмыстары басталды

Жасөспірімдерді әскери есепке алу жұмыстары басталды

Байғанин аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен 17 жасқа толатын жасөспірімдерді тіркеуге алу жұмыстары басталды. Аудан бойынша 250-ден астам жасөспірім аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алынады.

Тіркеуге алынған оқушылар мен колледж студенттері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде медициналық тексеруден өтуде. Медициналық тексеруден өткен жасөспірімдерге аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Ә.Жеткізгенов шақыру учаскесіне тіркелу куәліктерін тапсырды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда ҚР Қарулы Күштеріне әскери бөлімдерін жасақтау мақсатында әскерге баратын жастарға зерделеу жұмыстары жүргізілуде.