Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) құрамында өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудара алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) құрамында өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудара алады.

БЖТ әлеуметтік төлемдердің төрт түрін біріктіреді:
• жеке табыс салығы (БЖТ жалпы сомасынан 10%);
• әлеуметтік аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 20%);
• міндетті зейнетақы жарналары (БЖТ жалпы сомасының 30%);
• міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (БЖТ жалпы сомасының 40%).

Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір сомамен жүргізіледі. Төлемді жүзеге асыру үшін банкте есеп айырысу шотын ашу талап етілмейді.

2022 жылғы БЖТ мөлшері:
• республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (3 063 теңге);
• басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (1 531,5 теңге).

БЖТ – бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың қызметін салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі.

БЖТ төлей отыра сіз жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысасыз. Зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілеріне еңбек өтілі ескеріле отырып, базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады.