«Е-нотариат» Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің көмегімен нотариустар БЖЗҚ-ға қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының болуы туралы, ондағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жазбаша сұраным жібермей-ақ, сұраныстарды онлайн жібере алады.
БЖЗҚ өз кезегінде салымшылар мен алушылар нотариалды куәландырылған немесе расталған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын ала алады.
Бұл қызмет сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді және артық қағаз, құжат айналымын жояды.