БЖЗҚ-ның жылжымалы кеңсесі 🚍

БЖЗҚ-ның жылжымалы кеңсесі 🚍

📌Қордың жылжымалы кеңселері 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында 762 елді мекенде болып, 70 мыңға жуық салымшыға қызмет көрсетті.

Үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» атты жоба Қазақстанның шалғай аудандары мен елді мекендерінің тұрғындары үшін Қор қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды. Бұл заманауи микроавтобус, ол салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде заманауи спутниктік байланыс құралдарымен жабдықталған.

2021 жылдан бері БЖЗҚ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы шалғай орналасқан елді мекендерді жылжымалы кеңселермен қамтыды. Сонымен қатар, мобильдік бөлімшелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы алыс ауылдарға қызмет көрсетуде.

📢Естеріңізге сала кетсек, жылжымалы кеңселер алдын ала жоспарланған кесте бойынша сапарға шығады. Ал барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Әкімдіктегілер өз кезегінде жергілікті тұрғындарды жылжымалы кеңсенің келетіні жайлы хабардар етеді.