enpf.kz сайтын оқыңыз!

enpf.kz сайтын оқыңыз!

enpf.kz – Қордың ресми сайтында сіз төмендегі ақпараттармен таныса аласыз:
✅ Қор туралы жалпы ақпарат;
✅ статистикалық көрсеткіштер және инвестициялық қызметтің нәтижелері;
✅ зейнетақы жинақтарын жеке басқару мүмкіндіктері;
✅ Қазақстанның және басқа елдердің зейнетақы жүйесі;
✅ Зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер туралы ақпарат;
✅ БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерінің мекенжайлары;
✅ Қормен, оның ішінде өңір бойынша кезекші қызметкерлердің нөмірлерімен байланыс мүмкіндіктері;
✅ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және басқалар.

Сайтта сондай-ақ, Қордың 10-нан астам қызметін онлайн режимінде алу мүмкіндігі бар екеніне назарларыңызды аударамыз.
Жеке кабинетте келесі қызметтер қолжетімді:
🔸 жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екені туралы анықтама алу;
🔸 ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу;
🔸 зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;
🔸 зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аудару;
🔸 деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
🔸 зейнетақы калькуляторы;
🔸 зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу;
🔸 төлемдер / аударымдар туралы өтініштің мәртебесін бақылау;
🔸 «Интернет арқылы» ақпараттандыру тәсілін таңдау (өзгерту).
Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе ЖСН мен құпиясөзді қолдану арқылы кіруге болады (егер сізде «Интернет арқылы» хабарлау тәсілі таңдалған жағдайда).

⁉ Авторландырусыз келесі электрондық қызметтерді пайдалануға болады:
🔹 төлем құжаттарын алдын ала тексеру;
🔹 бетпе-бет қызмет көрсету кезегін брондау;
🔹 өтініш жіберу;
🔹 халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көшпелі қызмет көрсетуге өтінім беру;
🔹 ЖЗШ-нан үзінді көшірмені e-mail арқылы алу (егер сізде ақпараттандыру тәсілі таңдалған болса «электрондық пошта арқылы»);
🔹 зейнетақы калькуляторын пайдалану;
🔹 кері қоңырауға тапсырыс беру.