Әдеп жөніндегі уәкіл семинар өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл семинар өткізді

2021 жылдың 23 қарашасы күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.А.Раушановтың төрағалығымен және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарованың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Н.Г.Әбдіров, аудандық және ауылдық округтер деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілер, бөлім басшылары, орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелерінің қызметшілері, аудан әкімі және аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі О.Н.Қошанов қатысты. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарова сөз алып, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң туралы түсіндірме жасады.

Атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда өзін ұстауы, киім кию үлгілері, қымбат әшекей бұйымдарын пайдаланбау, қарапайым болу, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, сыйлықтар алу-беру туралы, қызметтік көліктерді өз мақсатында пайдалану, икемді жұмыс уақыты, ұжымдық шарт, т.б мәселелер туралы  кеңінен түсіндірді, қойылған сұрақтарға жауап берді.