Меню
Страницы
Контакты
Документы
Деятельность
Аппарат акима
Пресс-центр
Онлайн приемная
gov@nitec.kz

Елтоқ Сәрсенбайұлына ескерткіш тақта қойылды

Елтоқ Сәрсенбайұлына ескерткіш тақта қойылды

Аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінде Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ленинград» қаласының Құрметті Азаматы», ұзақ жылдар бойы өрт сөндіру командасының аудандық бөлімшесінің бастығы болған Елтоқ Сәрсенбаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты жиынға Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Қадіров, Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов, аудан әкімінің орынбасары Ә. Жеткізгенов және Елтоқ ата ұрпақтары қатысты. Есерткіш тақта Б.Айтқұловтың бастамасымен ашылған. Айта кетейік, Елтоқ Сәрсенбайұлы Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен әскер қатарына аттанған. №260 дербес әскери теңіздесанттық бригадасының жауынгерлері қатарында қоршауда қалған Ленинград қаласын 900 күннен астам уақыт бойы қорғайды. 1944 жылы қоршау бұзылып, кескілескен шайқасқа қатысады. Одан әрі Балтық жағалауындағы елдерді азат ету үшін соғысып, Шығыс Пруссия жеріне дейін барады. Соғыс біткеніне қарамастан, сол кездегі саяси-әскери ахуалға орай 1950 жылға дейін әскери қызметте болған. 1967 жылдан бастап 1985 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін өрт сөндіру командасының аудандық бөлімшесін басқарған. Ұзақ жылдар бойы ауданның халық сотында халық заседателі болады. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ә. Жеткізгенов, Елтоқ Сәрсенбайұлының баласы Б. Елтоқ, облыстық төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов, азаматтық қорғау подполковнигі А. Қадіровтер сөз сөйледі. Біртуар азамат Елтоқ Сәрсенбайұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаны ашып, марқұмның құрметіне гүл шоқтарын қойды.

  Арайлым ҚАСЫМ.

Дата публикации
28 октября 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития