Байғанин ауданының прокуратурасы 2021 жылдың 9 айын қорытындылады

Байғанин ауданының прокуратурасы 2021 жылдың 9 айын қорытындылады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2021 жылдың 9 айында прокуратураның әлеуметтік-экономикалық бағытында енгізген қадағалау актілерімен мемлекеттік бюджетке 20 млн. теңгеден астам қаржы  өндірілді, құны 10 млн. теңгенің 44 мың гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, 2 500 тұлғаның құқықтары қорғалды, соның ішінде 81 кәсіпкердің 31 млн. теңгеге құқықтары қорғалды, 33 тұлғаға 1 800 000 теңгеге еңбек жалақылары өтелді.

Қылмыстылық деңгейін азайту ең маңызды мақсаттардың бірі, сондықтан құқық қорғау органдарының негізгі күші құқық бұзушылықты азайтуға әрі жол бермеуге бағытталуы тиіс. 

         Ауданда қылмыстық құқық бұзушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 40% төмендеген (47-ден 28-ге), оның ішінде аса ауыр 100% (1-ден 0-ге), ауыр 36% (14-тен 9-ға) ауырлығы орташа қылмыстар 54% (22-ден 10-ға) төмендесе, онша ауыр емес қылмыстар тепе-тең (3/3).

         Ағымдағы жылдан бастап қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Үш буынды модель барлық дамыған елдерде қолданылады. Осындай модель бойынша қылмыстық процеске тергеу органы, прокуратура және сот сияқты үш буын жауап береді. Аталған құрылымдардың өкілеттіктері өзара нақты айқындалған.

         Прокуратура жаңа модельге сәйкес тергеу органының қылмыстық істер бойынша күдікті деп танудың 26, тұлғаның әрекетін саралаудың 20, істі қайта саралаудың 15, тергеу мерзімін үзудің 5 және өндірістен тоқтатудың 31 процестік шешімін келісіп бекітті.

Сотта 24 тұлғаға қатысты 21 қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, апелляциялық өтінішхат негізінде 1 сот үкімі заңға сәйкестендірілді, міндетті санаттағы 45 әкімшілікке іске қатысу қамтамасыз етілді.

         Пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау деректерін алдын алу мақсатында аудан прокурорының өкімімен тұрақты мобильдік топ құрылып, тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіліп келеді.

         Атқарушылық өндіріс саласында қадағалау шараларымен 1,2 млн. теңге мемлекеттік бюджетке өндірілді және 766 мың теңге алимент берешектері өтеліп, 18 баланың құқығы қорғалды.

         Прокуратура жеке және заңды тұлғалардың 28 өтінішін қарады, жеке қабылдауда 82 болды.    

         Қамтылған уақыт ішінде прокуратура жалпы 40 қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген 92 тұлға тәртіптік және 19 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

        Аталған бағыттарда прокурорлық қадағалау және ұйымдастырушылық шаралары жалғасын табуда.

                                                          Байғанин ауданының прокуратурасы