Жаңа Зеландияның зейнетақы жүйесі 3 деңгейден тұрады:

Жаңа Зеландияның зейнетақы жүйесі 3 деңгейден тұрады:

1⃣ Жаңа Зеландияның зейнетақы жүйесі 3 деңгейден тұрады: мемлекеттік міндетті зейнетақы жоспары, жинақтаушы зейнетақы жоспары және жеке сектордың ерікті кәсіптік жоспарлары
2⃣ Мемлекеттік зейнетақы азаматтығы немесе тұрақты тұруға ықтиярхаты болған жағдайда төленеді, сондай-ақ, 20 жастан бастап 10 жыл бойы елде тұруы қажет және бұл ретте оның 5 жылында азамат 50 жасқа толғаннан кейін Жаңа Зеландия аумағында тұруы тиіс
3⃣ Жинақтаушы жоспарға қатысушылар 65 жастан бастап зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы төлем ала алады. Сондай-ақ, қарт адамдар қызмет етуді және жарналарды аударуды жалғастыра алады.
4⃣ Заңнамада міндетті зейнет жасы белгіленбеген, ал жұмыс берушілерге еңбек шартында міндетті зейнет жасын көрсетуге рұқсат етілмейді.
5⃣ Егде жастағы адамның зейнетақы төлемдерін қоса есептегендегі жұмысынан түсетін табысы неғұрлым жоғары болса, салық мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады (жеке табыс салығының мөлшерлемесі 10,5%-дан 39%-ға дейін өзгереді)