enpf.kz сайтындағы «Болжамды зейнетақы калькуляторы» қызметінің көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерін өзіңіз есептей аласыз.

enpf.kz сайтындағы «Болжамды зейнетақы калькуляторы» қызметінің көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерін өзіңіз есептей аласыз.

Болжамдық есептемеде келесі құрамдауыштар қамтылады:
• Мемлекеттік базалық зейнетақы;
• жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ);
• БЖЗҚ төлемдері;
• Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен аударымдар.

Есептеуді жүзеге асыру үшін туған күніңізді, жынысыңызды, еңбек өтіліңізді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытыңызды, бүгінгі күнгі жинақтардың жалпы сомасын және жалақы жайлы ақпаратты енгізу қажет.

БЖЗҚ-дан төленетін болашақ төлемдерді есептеу нәтижесі үш сценарийде – (пессимистік, шынайы және оптимистік) беріледі, олардың әрқайсысы инфляцияның болжамды деңгейін және ықтимал кірістілікті ескереді. Бұл жағдайда нәтижелер тиісті кезеңдегі инфляцияны шегергендегі нақты құнмен көрсетіледі.